TGViewer
Посольство Казахстана в России Посольство Казахстана в России @prkvrf · 3.78K subscribers
Post #5407 289

Forwarded from ҚР СІМ Ресми өкілі

📌 Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралып жатыр.

Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау Министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады.

🇰🇿 ҚР СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған.

Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді.

📞 Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін Министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұраймыз. Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін Министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет.

🤝 Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда.

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті.

Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді.

📢 Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

📎 Официальный канал на русском языке: @MFA_Spokesperson2
More from @prkvrf
  1. Oct 2, 2026📞 Горячие линии по вопросам граждан РК, оказавшихся в зоне боевых действий Департамент ко…
  2. Oct 2, 2026📞 Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер ҚР Сы…
  3. Oct 2, 2026📌 В средствах массовой информации распространяются обращения граждан Республики Казахстан…
  4. Sep 29, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті 🔗 https://www.gov.kz/memleket/…
  5. Sep 28, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Біріккен мәдениеттер форумында сөз сөйледі 🔗 https://www.gov.kz/me…
  6. Sep 25, 2026Channel photo updated
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →