TGViewer
Посольство Казахстана в России Посольство Казахстана в России @prkvrf · 3.78K subscribers
Post #5358 490

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті

✔️ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.

✔️Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

✔️Владимир Путин Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы ілгерілетуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға байланысты көптеген мәселені шешуге бағытталған стратегиялық бағдары кеңінен қолдау тапқанын растайды.

✔️Қазақстан Президенті құттықтауы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдіріп, конституциялық реформа аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.

– Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Біз мұны жақсы түсінеміз. Ең алдымен, халқымыздың келешегін ойлауымыз қажет. Екіжақты ынтымақтастыққа келер болсақ, Сіздің мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарыңыз табысты өтті. Әрі сипаты жағынан тарихи сапар болды деп санаймын. Қазір Үкімет қол қойылған барлық келісімді іске асыруға кірісті. Өзіңіз атап өткендей, сауда-саттық тез дамып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Ресей біздің басты инвестициялық және сауда серіктесіміз болып қала береді деп ойлаймын. Бұл үдерісті барынша қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
More from @prkvrf
  1. Oct 2, 2026📞 Горячие линии по вопросам граждан РК, оказавшихся в зоне боевых действий Департамент ко…
  2. Oct 2, 2026📞 Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер ҚР Сы…
  3. Oct 2, 2026📌 В средствах массовой информации распространяются обращения граждан Республики Казахстан…
  4. Oct 2, 2026📌 Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәр…
  5. Sep 29, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті 🔗 https://www.gov.kz/memleket/…
  6. Sep 28, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Біріккен мәдениеттер форумында сөз сөйледі 🔗 https://www.gov.kz/me…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →