✔️Жасанды интеллектіге, цифрландыруға, киберқауіпсіздікке, ғарыш және жерсеріктік технологияларды дамытуға, сондай-ақ экономикада, мемлекеттік басқаруда және гуманитарлық ынтымақтастықта заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бойынша ТМҰ Саммиті түркі мемлекеттерінің ортақ технологиялық күн тәртібін қалыптастырудағы маңызды кезеңі болып табылатыны және мүше мемлекеттердің түркі кеңістігін инновация, жоғары технологиялар, ғылым және цифрлық трансформация үшін серпінді хабқа айналдыруға деген ұмтылысын көрсететіні атап өтілді.
Қазақстан Ұйымның технологиялық көшбасшылығын және институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды, соның ішінде түркі мемлекеттерінің студенттері үшін жасанды интеллект университетін құру, киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және БҰҰ қамқорлығымен халықаралық цифрлық бастамаларды ілгерілету бар.
ТМҰ хатшылығының қызметін одан әрі жетілдіру, оның институционалдық мүмкіндігін кеңейту және бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырудағы үйлестіруші рөлін күшейту қажеттілігі де атап өтілді.
✔️Особое внимание было уделено вопросам искусственного интеллекта, цифровизации, кибербезопасности, развитию космических и спутниковых технологий, а также внедрению современных цифровых решений в экономику, государственное управление и гуманитарное сотрудничество. Отмечалось, что Саммит ОТГ по искусственному интеллекту и цифровому развитию является важным этапом в формировании общей технологической повестки тюркских государств и отражает стремление стран-членов превратить тюркское пространство в динамичный центр инноваций, высоких технологий, науки и цифровой трансформации.
Казахстан представил ряд инициатив, направленных на укрепление технологического лидерства и институционального потенциала Организации, включая создание Университета искусственного интеллекта для студентов тюркских государств, развитие сотрудничества в сфере кибербезопасности и продвижение международных цифровых инициатив под эгидой ООН.
Подчеркивалась также необходимость дальнейшего совершенствования деятельности Секретариата ОТГ, расширения его институциональных возможностей и усиления координационной роли в реализации совместных проектов и инициатив.
✔️Special attention was paid to issues related to artificial intelligence, digitalization, cybersecurity, the development of space and satellite technologies, as well as the introduction of modern digital solutions in the economy, public administration and humanitarian cooperation.
It was noted that the OTS Summit on Artificial Intelligence and Digital Development represents an important stage in shaping a common technological agenda for the Turkic states and reflects the determination of member countries to transform the Turkic space into a dynamic centre of innovation, high technologies, science and digital transformation.
Kazakhstan presented a number of initiatives aimed at strengthening the technological leadership and institutional capacity of the Organization, including the establishment of an Artificial Intelligence University for students from Turkic states, the expansion of cooperation in cybersecurity, and the promotion of international digital initiatives under the auspices of the UN.
The participants also emphasized the need for further improvement of the OTS Secretariat’s activities, expansion of its institutional capabilities, and strengthening of its coordinating role in the implementation of joint projects and initiatives.
@PressMFAKZ
Post #24581
963