TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.07K subscribers
Post #5561 135
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді

Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша қатынайтын халықаралық туристік пойыз Алматыға келді. Жоба теміржол туризмін дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік байланысты кеңейтуге бағытталған.

Кезекті туристік пойыз 14 қыркүйекте Сиань қаласынан жолға шықты. Бағыт Ұлы Жібек жолының тарихи желісімен Қытайдың солтүстік-батыс өңірлері мен Шыңжаң арқылы өтіп, Қорғас арқылы Қазақстан-Қытай шекарасын кесіп өтті.

Қазақстан аумағында туристерді тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырды. Халықаралық туристік пойыздың қозғалысы үшін шекаралық рәсімдер мен екі елдің теміржол қатынасын үйлестіру ескерілген арнайы қозғалыс кестесі әзірленген.

«Туристік пойыздарды дамыту – біз үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Теміржол қалалар мен өңірлерді, тарихи және табиғи нысандарды бір бағытқа біріктіріп, мазмұнды туристік бағдарлар құруға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – шетелдік серіктестермен бірлесіп, осы бағытты одан әрі дамыту, Қазақстан бойынша саяхат географиясын кеңейту және жолаушыларға сапалы туристік өнім ұсыну», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.


Алматыда қонақтар үшін арнайы мәдени-танымдық бағдарлама әзірленген. Туристер қаланың тарихымен, мәдениетімен және табиғи көрікті жерлерімен танысады. Бағдарламаға Тәуелсіздік монументі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, Вознесенск кафедралы шіркеуі, Орталық мешіт, Көктөбе, Шымбұлақ, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі және өзге де туристік нысандар енгізілген.

Сиань – Алматы бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойызды Қытай тарапы 2025 жылы іске қосты. 2026 жылғы маусымда Ұлттық тасымалдаушының пойыздары пайдаланылған алғашқы рейс жүзеге асырылды. Бұл – биылғы екінші рейс.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде танытуға бағытталған жұмыстар аясында жүзеге асырылуда.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
  • ❤ 1
More from @pr_ktzh
  1. Sep 22, 2026photo post
  2. Sep 22, 2026Мультимодальды маршрут бойынша 150 000 тонна болат құбыр: ҚТЖ-ның жаңа логистикалық жобасы…
  3. Sep 22, 2026Елордалық оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері еске салынды Теміржолшылар Астана…
  4. Sep 21, 2026photo post
  5. Sep 21, 2026Зерновой штаб КТЖ обсудил в Костанае и Кокшетау вывоз нового урожая Выездные заседания Зер…
  6. Sep 21, 2026ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады Қостанай мен Көкш…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →