TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.07K subscribers
Post #5578 94
Мультимодальды маршрут бойынша 150 000 тонна болат құбыр:
ҚТЖ-ның жаңа логистикалық жобасы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ Қытайдан 150 мың тоннадан астам болат құбырларды мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ауқымды логистикалық жобаны іске асыруда.

Тасымалдау екі бағыт: Қазақстанға импорттық жеткізу және Түркіменстанға транзиттік тасымалдау бойынша жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында жоспарланған тасымалдау көлемі 163 мың тонна болат құбырды құрайды.

Осы тасымалдарды ұйымдастыру тиеу мен бекітудің арнайы технологияларын дәл сақтауды, теміржол және автомобиль көлігін нақты үйлестіруді талап етеді.

Кедентранссервис құзыреті, сондай-ақ Қазақстанның көлік холдингі (еншілес компания) базасында өз автопаркінің болуы икемді мультимодальды шешімдерді қалыптастыруға және соңғы межелі пунктке дейін логистиканың кешенді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзінің көліктік және терминалдық мүмкіндіктерін дамыта отырып, компания мультимодальды тасымалдау географиясын кеңейту арқылы халықаралық логистикалық нарықтағы ұстанымын нығайтуды жалғастыруда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

_____________________

150 000 тонн стальных труб по мультимодальному маршруту:
новый логистический проект КТЖ
 
Дочерняя компания АО «НК «Қазақстан темір жолы»  - АО «Кедентранссервис» реализует масштабный логистический проект по организации мультимодальных перевозок более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая.

Перевозки осуществляются железнодорожным и автомобильным транспортом по двум направлениям: импортные поставки в Казахстан и транзитные перевозки в Туркменистан.
В сентябре-октябре текущего года планируемый объем перевозок составит 163 тысяч тонн стальных труб.

Организация данных перевозок требует точного соблюдения специальных технологий погрузки и крепления, четкой координации железнодорожного и автомобильного транспорта. Компетенции Кедентранссервис, а также наличие собственного автопарка на базе Транспортного холдинга Казахстана (дочерняя компания) позволяют формировать гибкие мультимодальные решения и обеспечивать комплексную организацию логистики до конечного пункта назначения.

Развивая собственные транспортные и терминальные возможности, компания продолжает укреплять позиции на международном логистическом рынке расширяя географию мультимодальных перевозок.
 
 Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
More from @pr_ktzh
  1. Sep 22, 2026photo post
  2. Sep 22, 2026Елордалық оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері еске салынды Теміржолшылар Астана…
  3. Sep 21, 2026photo post
  4. Sep 21, 2026Зерновой штаб КТЖ обсудил в Костанае и Кокшетау вывоз нового урожая Выездные заседания Зер…
  5. Sep 21, 2026ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады Қостанай мен Көкш…
  6. Sep 21, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →