TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.06K subscribers
Post #2946 274
ҚТЖ: Алматы облысында Агро-индустриялық паркті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Мәскеу облысында (РФ) өткен халықаралық Көп салалы бизнес-миссия аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы Алматы облысындағы Агро-индустриялық парк жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
KTZ Express, «Славтранс-Сервис» АҚ (РФ) және «Алатау КЛО» ЖШС арасында қол қою рәсімі Алматы облысы әкімі мен Мәскеу облысы губернаторының қатысуымен өтті, бұл бастаманың жоғары деңгейі мен өңіраралық ауқымын көрсетеді.
Тараптар жобаны дамыту және ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты. Агро-индустриялық парк Алматы маңында салынып жатқан Алатау қаласында (Alatau city)орналасады.
Оның инфрақұрылымы заманауи «А» класты қойма кешенін, мультитемпературалы қоймаларды, контейнерлік терминалды, көтерме-бөлшек сауда орталығын, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау және кедендік ресімдеу аймақтарын біріктіреді. Жаңа нысан өндірушілердің, экспорттаушылардың және сауда желілерінің мүдделері бірыңғай жүйеге қосылатын көпфункционалды хабқа айналады.
Жоба Қазақстан Президенті белгілеген басымдықтарға: экспортты дамыту мен отандық өнімді шетелдік нарықтарға жылжытуға тікелей жауапбереді. Жаңа парк логистика тиімділігін арттырып қанақоймай, өндірушілер үшін жаңа тарату арналарына қол жеткізе отырып, ыңғайлы орта құруғамүмкіндік береді. Қазақстандық компаниялар халықаралық нарықтарға тезірек және оңай шыға алады, ал өңір экономикалық өсу үшін қуатты серпін алады.
ҚТЖ үшін жобаға қатысу Қазақстанның логистика саласындағы ұстанымын күшейтетін және елдің экспорттық әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын стратегиялық қадам болып табылады.
Компанияның халықаралық жобаларының тәжірибесі, соның ішінде Мәскеуоблысындағы (РФ) CRK Terminalқоса алғанда жаһандық жеткізу тізбегіне интеграцияланған ауқымды бастамаларды іске асыруға дайынекендігін растайды.

_

КТЖ: Подписано Соглашение о сотрудничестве по развитию Агро-индустриального парка в Алматинской области
 
В рамках Международной многоотраслевой бизнес-миссии, состоявшейся в Московской области (РФ), дочерняя компания АО «НК «Қазақстан темір жолы» - АО «KTZ Express»подписала Соглашение о сотрудничестве по реализации проекта Агро-индустриального парка в Алматинской области.
Церемония подписания между KTZ Express, АО «Славтранс-Сервис» (РФ) и ТОО «ТЛЦ Алатау» прошла в присутствии акима Алматинской области и губернатора Московской области, что подчеркнуло высокий уровень и межрегиональный масштабинициативы.
Стороны договорились о совместной работе по развитию и продвижению проекта.Агро-индустриальный парк разместится в городе Алатау (Alatau City), который строится под Алматы.
Его инфраструктура объединит современный складской комплекс класса «А», мультитемпературные склады, контейнерный терминал, оптово-розничный центр, а также зоны фитосанитарного контроля и таможенного оформления. Новый объект станет многофункциональным хабом, где интересы производителей, экспортеров и торговых сетей будут соединены в единую систему.
Проект напрямую отвечает приоритетам, обозначенным Президентом Казахстана: развитие экспорта и продвижение отечественной продукции на зарубежные рынки. Новый парк позволит не только повысить эффективность логистики, но и создать для производителей удобную среду с доступом к новым каналам сбыта. Казахстанские компании смогут быстрее и проще выходить на международные рынки, а регион получит мощный импульс для экономического роста.
Для КТЖ участие в проекте является стратегическим шагом, усиливающим позиции Казахстана в сфере логистики и создающим новые возможности для развития экспортного потенциала страны.
Опыт международных проектов компании, включая CRK Terminal в Подмосковье (РФ), подтверждает готовность к реализации масштабных инициатив, интегрированных в глобальные цепочки поставок.
More from @pr_ktzh
  1. Sep 22, 2026photo post
  2. Sep 22, 2026Мультимодальды маршрут бойынша 150 000 тонна болат құбыр: ҚТЖ-ның жаңа логистикалық жобасы…
  3. Sep 22, 2026Елордалық оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері еске салынды Теміржолшылар Астана…
  4. Sep 21, 2026photo post
  5. Sep 21, 2026Зерновой штаб КТЖ обсудил в Костанае и Кокшетау вывоз нового урожая Выездные заседания Зер…
  6. Sep 21, 2026ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады Қостанай мен Көкш…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →