TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.06K subscribers
Post #2456 332
Заманауи CRRC тепловоздары елдің
солтүстік аймақтарында пайдаланылатын болады


2025 жылы CRRC Ziyang (ҚХР) компаниясы ҚТЖ-ға СКД6ѕ сериялы 62 маневрлік локомотив жеткізеді. Алғашқы тепловоздар Қазақстанға жеткізілді, оларға сәйкестік сертификаттары алынды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 38 техника жеткізу жоспарлануда.
СКД6ѕ тепловоздарын пайдалану Қарағанды және Павлодар бөлімшелерінде, сондай-ақ Астана локомотив депосында ұйымдастырылады. Павлодар және Қарағанды депосында сервистік орталықтар ашу жоспарланған.
Сатып алу «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен CRRC корпорациясы арасында қол қойылған 100 маневрлік және 100 магистральдық тепловозды жеткізу туралы негіздемелік келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Құжат заманауи тартқыш техниканы жеткізуді ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда оған қызмет көрсету бойынша инжинирингтік және сервистік орталықтар құруды көздейді.
CRRC — әлемдегі теміржол техникасының ең ірі өндірушісі, ол локомотив жасау бойынша әлемдік нарықтың шамамен 50% құрайды.
ҚТЖ мен CRRC арасындағы ынтымақтастық 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан 300 жуық жолаушылар және магистральдық локомотивтерді, сондай-ақ Қытайда өндірілген 6 мыңнан астам жүк вагондарын сатып алды. Қойылған техника өзін қазақстандық теміржол желісінде сенімді әрі тиімділігін таңытты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

______

Современные тепловозы CRRC будут эксплуатироваться в северных регионах страны

В 2025 году компания CRRC Ziyang (КНР) поставит КТЖ 62 маневровых локомотива серии СКД6s. Первые тепловозы уже доставлены в Казахстан, на них получены сертификаты соответствия. Ещё 38 единиц техники планируется поставить в первом полугодии 2026 года.
Эксплуатация тепловозов СКД6s будет организована в Карагандинском и Павлодарском отделениях, а также в локомотивном депо Астана. Открытие сервисных центров запланировано в депо Павлодара и Караганды.
Закуп осуществляется в рамках рамочного соглашения о поставке 100 маневровых и 100 магистральных тепловозов, подписанного между АО «НК «Қазақстан темір жолы» и корпорацией CRRC. Документ предусматривает не только поставку современной тяговой техники, но и создание в Казахстане инжинирингового и сервисных центров по её обслуживанию.
CRRC — крупнейший в мире производитель железнодорожной техники, на долю которого приходится около 50% мирового рынка локомотивостроения.
Сотрудничество между КТЖ и CRRC продолжается более 20 лет. За это время Казахстан приобрёл около 300 пассажирских и магистральных локомотивов, а также свыше 6 тысяч грузовых вагонов китайского производства. Поставленная техника зарекомендовала себя как надёжная и эффективная в условиях казахстанской железнодорожной сети.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
More from @pr_ktzh
  1. Sep 26, 2026Kazakhstan’s Export Logistics Development to Be Discussed at a Strategic Roundtable in Alm…
  2. Sep 26, 2026photo post
  3. Sep 26, 2026Развитие экспортной логистики Казахстана обсудят на стратегическом круглом столе в Алматы…
  4. Sep 26, 2026photo post
  5. Sep 26, 2026Қазақстанның экспорттық логистикасын дамыту Алматыдағы стратегиялық дөңгелек үстелде талқы…
  6. Sep 26, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →