2025 жылдың 4 айында ҚТЖ желісінде жүк тасымалдау көлемі ұлғайды
2025 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүктерді тасымалдау 4,5% өсіп, 85 млн тоннаны құрады. Осы көлемнің 54,6 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды, экспортқа 30,4 млн тонна жөнелтілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% артық.
2025 жылдың төрт айында 34 миллион тонна тас көмір тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% жоғары. Осы көлемнің 24 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жөнелтілді. Бұл ретте көмір экспорты 22% өсіп, 10 млн тоннаға жетті.
Астық тасымалдау көлемі де 54% артып, 4,7 млн тоннаны құрап, айтарлықтай өсім көрсетті. Астық экспорты 60% өсім көрсетіп, 3,7 млн тоннаға жетті.
Бұдан басқа, 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында басқа жүктерді: мұнай жүктерін тасымалдау 7% (6,6 млн тоннаға дейін), қара металдарды — 10,6% (1,5 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштарды — 20,8% (1,6 млн тоннаға дейін) және құрылыс жүктерін тасымалдау 8% (4,3 млн тоннаға дейін) өскені байқалды.
“Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
___
Увеличился объем грузоперевозок на сети КТЖ за 4 месяца 2025 года
Перевозка грузов на сети КТЖ по итогам января-апреля 2025 года выросла на 4,5% и составила 85 млн тонн. Из этого объема 54,6 млн тонн было перевезено внутри страны, на экспорт отправлено 30,4 млн тонн, что на 12,7% больше по сравнению с аналогичным периодом 2024 года.
За четыре месяца 2025 года было перевезено 34 млн тонн каменного угля, что на 1,1% превышает уровень аналогичного периода прошлого года. Из этого объема 24 млн тонн было направлено казахстанским потребителям. При этом экспорт угля вырос на 22%, достигнув 10 млн тонн.
Объем перевозок зерна также продемонстрировал значительный рост, увеличившись на 54% и составив 4,7 млн тонн. Экспорт зерна увеличился на 60%, достигнув 3,7 млн тонн.
Кроме того, с января по апрель 2025 года наблюдается рост перевозок других грузов: нефтяных грузов — на 7% (до 6,6 млн тонн), черных металлов — на 10,6% (до 1,5 млн тонн), химических удобрений - — на 20,8% (до 1,6 млн тонн) и строительных грузов — на 8% (до 4,3 млн тонн).
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Post #2433
275