TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57584 23
Қасым-Жомарт Тоқаев микроэлектроника өндірісіндегі ынтымақтастық перспективасына айрықша тоқталды

– Бавария Infineon Technologies, Siltronic, Rohde & Schwarz секілді дүние жүзі мойындаған компанияларды біріктіріп, жартылай өткізгіштер мен микроэлектроника саласында Еуропадағы ең үздік экожүйелердің бірін қалыптастырды. Қазақстанға ауқымды микросхема өндірісінен гөрі отандық өнеркәсіптің дамуына тікелей септігін тигізетін қосылған құны жоғары өнімдер шығарудан бастаған оңтайлы болар еді. Энергетика, тау-кен, металлургия, көлік және өңдеу өнеркәсібі салаларына үлкен қуат ағындарын реттейтін электроникалар, датчиктер, өлшем жүйелері мен автоматтандырылған күрделі басқару жүйесі көбірек қажет. Осы орайда, Bavarian Chips Alliance қатысуымен арнайы серіктестік бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Осының аясында тиісті қазақстандық компанияларды, ғылыми-зерттеу мекемелерін және даму институттарын бавариялық жартылай өткізгіштер өндірісінің экожүйесімен сабақтастыруға болады, – деді Президент.


✔️Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа өндірістердің халықаралық нарыққа шығуы үшін көлік және логистика саласындағы сенімді байланыстар өте маңызды.

✔️Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық бизнесмендерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары **** 🇰🇿🇩🇪 Официальный…
  2. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪 Бавариядағы нәтижелі кездесулер **** 🇰🇿🇩🇪 Продуктивные встречи в Баварии 🎦 t…
  3. Sep 30, 2026Президент обратил внимание представителей деловых кругов Баварии на значительный потенциал…
  4. Sep 30, 2026Президент Баварияның іскерлік топ өкілдерінің назарын Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде…
  5. Sep 30, 2026Касым-Жомарт Токаев остановился на перспективах сотрудничества в сфере производства микроэ…
  6. Sep 30, 2026Касым-Жомарт Токаев: «Наши амбиции можно выразить простой формулой: «Произведено в Казахст…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →