TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57586 52
Президент Баварияның іскерлік топ өкілдерінің назарын Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі мол әлеуетке аударды

✔️Бавария ауыл шаруашылығына арналған машина жасау, ғылыми негізді егін шаруашылығы, су үнемдейтін технологиялар және тамақ өнеркәсібі салаларында озық құзыретке ие. Осы артықшылықтарды ескере отырып, шағын үлгілі шаруашылықтарды дамытуға қатысты ортақ жобаны іске қосу ұсынылды. Бұл бастама аясында Еуропа стандарттарына сай жоғары сапалы агроөнімдерді өндіруге және өңдеуге басымдық беріледі.

✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде бизнеске, инвестиция мен инновацияға арналған бірегей алаң ретінде Alatau City мегажобасын таныстырды.
Бавариялық компаниялар Алатау қаласын инженерлік және сервистік бөлімшелерін орналастыратын, үздік шешімдерді көрсететін, жергілікті серіктес іздеп, инвестициялық жобаларды іске асыратын алаң ретінде қолдана алады.

✔️Президент пайымынша, аталған бастамалардың сәтті болуы, сайып келгенде, білікті кадрларға байланысты.

✔️Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Бавариядағы кәсіптік білім берудің дуалды жүйесіне қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанда бавариялық ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру кезінде кәсіби даярлық пен инженерлік құзыретті дамытуды ескерген жөн деп санайды.

✔️Мемлекет басшысы сөзін қорыта келе, Алматы қаласында Бавария экономикасының өкілдігін ашуды ұсынды. Аталған мекеме Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда неміс кәсіпорындарының мүддесі үшін жұмыс істей алады.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 1, 2026AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумы 📍EXPO көрме орталығы **** Международный фор…
  2. Oct 1, 2026На пленарном заседании технологического форума также выступили председатель и генеральный…
  3. Oct 1, 2026Технологиялық форумның пленарлық отырысында General Atlantic төрағасы және бас директоры У…
  4. Oct 1, 2026Президент: «Искусственный интеллект открывает перед молодежью широкие перспективы для полу…
  5. Oct 1, 2026Президент: «Жасанды интеллект жастарға сапалы білім алып, жан-жақты даму үшін мол мүмкінді…
  6. Oct 1, 2026Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность формирования культуры ответственного использования…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →