TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57527 54
Президент екі ел жоғары оқу орындарының серіктестігі аясында Қазақстан экономикасының қажеттілігіне сай білім және ғылым орталықтары құрылып жатқанын айтты

✔️Аталған жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Қазақстан-Германия бірлескен университеттері ашылды.

– Бұл мысалдар мына маңызды қағиданың дұрыс екенін көрсетеді. Нақты экономикалық және технологиялық қажеттілікке сай келетін академиялық серіктестік нәтижелі болады. Университеттер өндірістен алшақтап кетпеуі керек. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды ойлап табуға түрткі болуға тиіс. Ал білім беру жүйесі экономиканы біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етуі қажет, – деді Президент.


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықтың перспективасына қатысты ойларын бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев білім алмасу тәжірибесінен білім қорын бірлесе жасау үдерісіне көшуге мүмкіндік беретін серіктестіктің үш негізгі бағытын ұсынды.

– Біріншіден, бірлескен білім беру бағдарламаларын көбейтіп,  серіктес оқу орындары арасындағы қос дипломды бағдарламалардың аясын кеңейту керек. Екі ел студенттері мен зерттеушілерінің бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беру маңызды. Осы орайда елдеріміздің арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын, – деді Президент.
  • 👍 1
More from @ortcom_kz
  1. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесу 📍Ақорда **** 🇰🇿�…
  2. Oct 2, 2026🇩🇰Глава внешнеполитического ведомства Дании поздравил Казахстан с предстоящим 35-летием…
  3. Oct 2, 2026🇩🇰Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы…
  4. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Глава государства принял министра иностранных дел Дании Ларса Лёкке Расмуссена ✔️В…
  5. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады ✔…
  6. Oct 2, 2026🔶Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау басталды: өңірлерге 2,1 млн доза жеткізіледі Қаз…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →