TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57642 52
🇰🇿🇩🇰Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
 
✔️Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.
 
✔️Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.
 
– Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
✔️Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді.

✔️Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.
 
✔️Мемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесу 📍Ақорда **** 🇰🇿�…
  2. Oct 2, 2026🇩🇰Глава внешнеполитического ведомства Дании поздравил Казахстан с предстоящим 35-летием…
  3. Oct 2, 2026🇩🇰Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы…
  4. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Глава государства принял министра иностранных дел Дании Ларса Лёкке Расмуссена ✔️В…
  5. Oct 2, 2026🔶Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау басталды: өңірлерге 2,1 млн доза жеткізіледі Қаз…
  6. Oct 2, 2026🔶Қазақстан газдандыру деңгейін 80%-ға қалай жеткізуді жоспарлап отыр? Қазақстан халқын га…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →