TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57509 21
Президент пен Канцлердің келіссөзі екі ел делегациясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германияның стратегиялық серіктестігі берік саяси диалогқа, ортақ экономикалық мүддеге және халықтар арасындағы тығыз байланысқа арқа сүйейтінін айтты.

– Өзара сауда-саттық көлемі өткен жылы 13,4 пайызға ұлғайып, 4,5 миллиард долларға жетті. Германияның соңғы 21 жылда елімізге салған инвестициясы 8 миллиард долларды межеледі. Осы ретте германиялық инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша бақылауда екенін айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне баса мән берілді.
Бүгінгі таңда бірлескен инвестиция портфелінде жалпы құны шамамен 54 миллиард доллар болатын  40 өнеркәсіп жобасы бар.

✔️Бұл ретте Президент Үкіметаралық жұмыс тобы мен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің үйлесімді әрі нәтижелі қызметіне оң баға берді.

✔️Мемлекет басшысы Германияның қазіргі әлемдік саясат пен экономикадағы елеулі рөліне назар аударды. Оның айтуынша, елдің өндірістік қуаты, мықты ғылыми мектебі және неміс халқының еңбекке деген жауапкершілігі халықаралық деңгейде сөзсіз мойындалған.

✔️Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде білім мен ғылым саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.

✔️Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия сапары екі елдің игілігі мен гүлденуі жолындағы оң нәтижелерге жетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

✔️Келіссөз соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының бірінші күні **** 🇰🇿…
  2. Sep 29, 2026Президент акцентировал внимание на сфере искусственного интеллекта, которая открывает перс…
  3. Sep 29, 2026Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратын келешегі зор жасанды интеллект са…
  4. Sep 29, 2026Касым-Жомарт Токаев: «Казахстан увеличивает расходы на научные исследования до 1 процента…
  5. Sep 29, 2026Президент: «Қазақстан ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемін ішкі жалпы өнімнің 1 пай…
  6. Sep 29, 2026Как отметил Касым-Жомарт Токаев, в рамках партнерства между высшими учебными заведениями д…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →