TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57532 39
Президент: «Қазақстан ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына дейін арттырады»

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен ғылыми зерттеулерді тағы бір маңызды бағыт ретінде атады.

– Қазақстан Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылған мүше ретінде қосылу үшін келіссөз бастады. Мақсатымыз – еуропалық зерттеу кеңістігіне кірігу. Еліміз Шикізат материалдары бойынша еуропалық серіктестіктің толыққанды мүшесі. Бұл ұйымның бюджеті 300 миллион еуроны құрайды. TiBeRIUM жобасы осындай ынтымақтастықтың нақты мысалы саналады. Биыл Horizon Europe бағдарламасының 7,5 миллион еуро қаржылай қолдауымен және Фрайберг тау-кен академиясының үйлестіруімен іске қосылған жоба Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Үлбі металлургия зауытын бір іске жұмылдырды. Жоба титан мен берилийге арналған төмен көміртекті өндіріс тізбегін әзірлеуді мақсат етеді. Бізге дәл осындай ынтымақтастық аясын кеңейту қажет. Сол арқылы университеттер, ғылым мен өндіріс бір арнаға тоғысып, жеткізу тізбегі нығаяды. Нәтижесінде біз шикізат ресурстарынан қосылған құны жоғары өнім мен технологияға көшеміз, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Президенттің айтуынша, технология трансфері – серіктестіктің үшінші бағыты. Қазақстан ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына дейін арттырады. Сонымен қатар компанияларды университет зерттеулеріне инвестиция құюға ынталандыру тетіктерін іске қосты.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев неміс кәсіпкерлерін бірлескен мекемелер жанынан инженерлік зертханалар мен трансфер орталықтарын ашуға шақырды. Сондай-ақ мұндай бастамаларды қоса қаржыландыру арқылы қолдауға дайын екенін жеткізді.
  • 👍 1
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026video post
  2. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Глава государства Касым-Жомарт Токаев, находящийся с визитом в Германии, прибыл в…
  3. Sep 30, 2026photo post
  4. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады 🔹Бүгін Пре…
  5. Sep 30, 2026Post #57542
  6. Sep 30, 2026🔶Астанада тәулігіне 1000 пациент қабылдайтын заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →