TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57398 96
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады
 
Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті.

Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев біздің шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударды. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 28, 2026Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесу **** Встреча с первой ракеткой мира Ел…
  2. Sep 28, 2026Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы…
  3. Sep 28, 2026Глава государства встретился с Еленой Рыбакиной ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил…
  4. Sep 28, 2026Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті ✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Т…
  5. Sep 28, 2026Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил казахских шахматисток, которые на Всемирно…
  6. Sep 28, 2026🔶Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды М…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →