TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57400 104
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
 
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

✔️Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.

– Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

✔️Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 29, 2026🔶Олжас Бектенов 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды: диқандар…
  2. Sep 29, 2026🔶Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды Бастама 29 қыркүй…
  3. Sep 29, 2026🔶«Handelsblatt» неміс іскерлік басылымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы ж…
  4. Sep 29, 2026🔶Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды «Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалп…
  5. Sep 29, 2026🔶Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірле…
  6. Sep 29, 2026🔶 29 қыркүйек күні сағат 14.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жерасты суын зер…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →