Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі Республикалық комиссия жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Республикалық комиссияның екі отырысы өткізіліп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз конференциясында Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелеріне тоқталып өтті.
«Жер учаскелерін адал пайдаланып, тұрақты өндірісті қамтамасыз етіп, өз шаруашылығын және ауылдық аумақтарды дамытуға инвестиция салып отырған фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №30 бұйрығымен «Жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бекітілді. Біріншіден, процеске қатысушылардың барлығының функциялары нақты айқындалды. Екіншіден, міндетті және қосымша өлшемшарттарға негізделген жер пайдаланушылардың адалдығын бағалау жүйесі енгізілді», - деді спикер.
Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты мерзімдері белгіленді.
🔶Создана рабочая группа по защите прав фермеров
Во исполнение поручений Главы государства с 24 сентября 2024 года действует Республиканская комиссия по перераспределению земель для нужд сельского населения и контролю за рациональным использованием земельных ресурсов. В текущем году состоялись два заседания комиссии, на которых рассмотрели актуальные вопросы земельных отношений и приняли конкретные решения. Об основных результатах работы по приоритетным направлениям, обозначенным Главой государства, на пресс-конференции в СЦК рассказал председатель Комитета по управлению земельными ресурсами МСХ РК Мурат Темиржанов.
«Создана рабочая группа по защите прав фермеров, которые добросовестно используют земельные участки, обеспечивают стабильное производство и инвестируют в развитие своих хозяйств и сельских территорий. Кроме того, приказом министра сельского хозяйства от 29 января 2025 года № 30 утверждены Методические рекомендации по организации работы специальной комиссии по урегулированию вопроса продления права землепользования. Во-первых, четко определены функции всех участников процесса. Во-вторых, введена система оценки добросовестности землепользователей на основе обязательных и дополнительных критериев», – сказал спикер.
Также установлены конкретные сроки межведомственного взаимодействия.
@ortcom_kz #CCS
