TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57688 68
🇰🇿🇰🇷Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады
 
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.

– Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 3, 2026✉️Глава государства направил поздравительные телеграммы по случаю Дня германского единства…
  2. Oct 3, 2026✉️Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇩🇪Қасым…
  3. Oct 3, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғ…
  4. Oct 3, 2026🇰🇿🇰🇷Глава государства поздравил Президента Республики Корея ✉️Касым-Жомарт Токаев напр…
  5. Oct 2, 2026Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты **** Церемония открыт…
  6. Oct 2, 2026В ходе церемония открытия также выступили основатель международного фестиваля Astana AI Fi…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →