TGViewer
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 @modgovkz · 13.4K subscribers
Post #34916 4.06K
Ресми хабарлама

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кеткенін ауыр күрсініспен хабарлаймыз.


Алдын ала мәлімет бойынша теңізге 19 әскери қызметшіні алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы, өкінішке орай қайтыс болды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі.

Іздестіру жұмыстарының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер түсуіне және расталуына қарай беріледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың тек ресми ақпаратына сүйенуді сұраймыз.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
  • 😭 29
  • 🙏 21
  • ❤ 8
  • 😁 1
More from @modgovkz
  1. Sep 26, 2026Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиында жа…
  2. Sep 26, 2026🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.…
  3. Sep 26, 2026Министр обороны встретился с семьями погибших военнослужащих В Мангистауской области минис…
  4. Sep 26, 2026Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті Маңғыстау облыс…
  5. Sep 25, 2026Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған…
  6. Sep 25, 2026Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқт…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →