TGViewer
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 @modgovkz · 13.4K subscribers
Post #34939 1.07K
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына барды.

Кездесулер қаралы көңіл-күйде өтті. Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы әрі терең көңіл айтты. Ол орны толмас қазаға байланысты отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Министр жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өтті.

«Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз», – деді Қорғаныс министрі.

Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.

Қызмет өткеру барысында олар өздерін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметшілер ретінде танытып, әскери борыштарын адал атқарды.

Министр отбасыларды Қорғаныс министрлігі оларды қайғымен жалғыз қалдырмайтынына сендірді. Оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетіледі. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесуді жалғастырып, отбасылармен тұрақты байланыста болады.

Қаза болған әскери қызметшілердің есімі туған-туыстары мен жақындарының, қаруластарының және барша Қарулы күштер жеке құрамының жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың өмірі мен әскери борышына деген адалдығы ешқашан ұмытылмайды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
  • 🙏 14
  • ❤ 8
  • 👍 6
  • 😭 6
More from @modgovkz
  1. Sep 26, 2026🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.…
  2. Sep 26, 2026Министр обороны встретился с семьями погибших военнослужащих В Мангистауской области минис…
  3. Sep 25, 2026Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған…
  4. Sep 25, 2026Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқт…
  5. Sep 25, 2026Сотни спасателей, авиация и водолазы: на Каспии продолжается поисковая операция По поручен…
  6. Sep 25, 2026Жүздеген құтқарушы, авиация және сүңгуірлер: Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда Қазақ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →