Қыркүйектің 23-і күні компаниямыз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының өңірлік кезеңінде «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Бұл – компаниядағы әлеуметтік әріптестіктің берік орныққанын, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделеріне айрықша мән берілетінін көрсететін маңызды жетістік.
Жеңісімізге орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Грамотасы табысталып, І орын үшін 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Ал осы күні «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінде де «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды.
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының қызметкері Ержан Нұржаубайұлы Ишанов І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Ал осы өндірістік басқарманың қызметкері Болатбек Сагимбекович Боранкулов ІІ орынды жеңіп алды.
Екі әріптесіміз де Маңғыстау облысы әкімінің Грамотасымен марапатталып, еңбек жолындағы үздік нәтижелері үшін Ержан Ишановқа 300 000 теңгенің, ал Болатбек Боранкуловқа 200 000 теңгенің сертификаттары табысталды.
Бірақ бұл жеңістердің жалғасы көп күттірмеді!
27 қыркүйек күні «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңі өтіп, онда Маңғыстаудың ғана емес, «Маңғыстаумұнайгаз» ұжымының да абыройын қорғаған Ержан Нұржаубайұлы Ишанов ІІІ орынға ие болды!
Осылайша, өңірлік кезеңдегі І орыннан кейін Ержан Ишанов республикалық деңгейде де жүлдеге қол жеткізіп, өзінің кәсіби білімі мен көп жылғы еңбегінің лайықты бағаланғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бір аптаға жетпейтін уақытта – төрт бірдей жеңіс!
Бұл нәтижелердің әрқайсысының артында тынымсыз еңбек, кәсіби шеберлік, жауапкершілік және өз ісіне деген адалдық тұр.
Ержан Ишанов пен Болатбек Боранкуловтың жетістігі – «Маңғыстаумұнайгаз» ұжымының мақтанышы. Ал «Үздік ұжымдық шарт» номинациясындағы жеңіс – компания қызметкерлері мен кәсіподақ ұйымының, жалпы ұжымның ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі.
Бұл жетістіктер компания мен кәсіподақ арасындағы өзара сенімге негізделген берік әлеуметтік әріптестіктің, еңбек адамын қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды осы жарқын жеңістермен шын жүректен құттықтаймыз!
Ержан Нұржаубайұлы мен Болатбек Сагимбековичке жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Еңбек абыройы асқақтап, «Маңғыстаумұнайгаздың» мерейі үстем бола берсін!
Жеңістеріңіз құтты болсын, әріптестер!
Post #6411
143
Маңғыстаумұнайгаз СҮЙІНШІ, ӘРІПТЕСТЕР! ТӨРТ ЖЕҢІС – ОРТАҚ МЕРЕЙ! 📌«Маңғыстаумұнайгаз» ұжымы үшін қыркүйек айы жағымды жаңалықтар мен жарқын жетістіктерге толы болды. Еңбек адамын ұлықтайтын қос бірдей байқаудың өңірлік және республикалық кезеңдерінде компаниямыздың мерейін…
- 👍 1