Post #6409
119
Маңғыстаумұнайгаз ЕҢБЕК АДАМЫ 📌Қазақстанда Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл – ел дамуына маңдай тері, адал еңбегімен үлес қосып жүрген еңбек адамын ұлықтап, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін айшықтайтын күн. Осыған орай компанияда…
Бұл жолғы кейіпкеріміз – «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының ПЖПЖЦ Экология бөлімінің 5-дәрежелі такелажшысы Омар Қожаев.
Үлкен өндірістің қалыпты тіршілігі тек мұнай өндірумен өлшенбейді. Оның ар жағында көзге көп көріне бермейтін, бірақ қауіпсіздік пен өндірістік тәртіп үшін аса маңызды міндеттерді атқарып жүрген сан түрлі маман бар. Омар Қожаевтың жұмысы да – сондай жауапты еңбектің бірі. Күнделікті қызметі ұқыптылықты, кәсіби шеберлікті және қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындауды қажет етеді.
Еңбек адамы – өндірістің негізгі күші. Кәсібіне адал, міндетіне мығым жұмысшының әрбір ісінде кәсіпорынның тұрақтылығы, ұжымның қауіпсіздігі мен ортақ нәтижеге деген жауапкершілік жатыр. Сондықтан қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеру – бір мамандықты ғана дәріптеу емес, адал еңбекке деген қоғамдық құрметті арттыру.
Осындай азаматтардың табанды еңбегімен өндіріс өркендеп, ел экономикасы нығаяды. Еңбектің қадірі – оны адал атқарған адаммен биік!

- 👍 2
- 😁 1