TGViewer
ҚР СІМ Ресми өкілі ҚР СІМ Ресми өкілі @mfa_spokesperson1 · 205 subscribers
Post #30 127
💰 Сауда және инвестиция: негізгі сандар

📊 2025 жылы Қазақстан мен Дания арасындағы тауар айналымы 163,6 млн долларды құрады.

🇰🇿 Қазақстан экспорты 16,6%-ға өсіп, 40,7 млн долларға жетті.

🇩🇰 Даниядан импорт 2,6%-ға төмендеп, 122,9 млн долларды құрады.

📈 2026 жылғы қаңтар–шілдеде тауар айналымы 87,7 млн доллар болды. Оның ішінде:

• экспорт – 22,1 млн доллар;
• импорт – 65,6 млн доллар.

📦 Қазақстаннан Данияға негізінен ағаш бұйымдары, фанера, мұнай өнімдері және электр жабдықтары экспортталады.

Ал Даниядан Қазақстанға дәрі-дәрмек, асыл тұқымды мал, сорғылар және өнеркәсіптік жабдықтар жеткізіледі.

💵 2005 жылдан бері Данияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі 394,8 млн долларды құрады. Оның 88,1 млн доллары 2025 жылы салынған.

🏢 Қазақстанда дат капиталының қатысуымен 28 компания тіркелген. Олардың қатарында Novo Nordisk, FLSmidth, Danfoss және Carlsberg бар.

🚢 Maersk компаниясы Орта дәлізді дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.

🏭 $344 млн: жаңа өндіріс

Сапар аясындағы маңызды жобалардың бірі – Carlsberg және PepsiCo компанияларының Боралдай кентінде ашылатын алкогольсіз сусындар зауыты.

💰 Жобаның құны – 344 млн доллар
🥤 Өндірістік қуаты – жылына шамамен 1 млрд литр сусын
👥 230-дан астам жұмыс орны ашылды.

Зауыттың іргетасы 2025 жылғы қыркүйекте Carlsberg Group бас директоры Якоб Ааруп-Андерсеннің қатысуымен қаланды.

🔹 Сонымен қатар биыл мамырда FLSmidth компаниясы Қарағандыда шамамен 15 млн доллар инвестиция көлеміндегі кеңейтілген сервистік орталығын ашты.

🔹 Ал шілдеде Алматыда Қазақстандағы тұңғыш сертификатталған LEGO дүкені ашылды.
More from @mfa_spokesperson1
  1. Oct 12, 2026Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына ж…
  2. Oct 8, 2026Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Непал мен ҚХР Тибет автономиялық ауданы…
  3. Oct 8, 2026Әлеуметтік желілерде 14 Қазақстан азаматы бүгін қақтығыс аумағынан Қазақстан Республикасын…
  4. Oct 7, 2026Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарын…
  5. Oct 2, 2026📞 Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер ҚР Сы…
  6. Oct 2, 2026📌 Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәр…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →