📎 БАҚ үшін қызықты деректер: Қазақстан - Дания
👤 Ларс Лёкке Расмуссен туралы
🔹 Ларс Лёкке Расмуссен Дания Премьер-министрі қызметін екі рет – 2009–2011 және 2015–2019 жылдары атқарды. Бұған дейін Қаржы министрі, сондай-ақ Ішкі істер және денсаулық сақтау министрі болды.
🔹 Саясаттағы жолын ерте бастаған. 22 жасында «Венстре» Либералдық партиясының жастар ұйымын басқарды.
🔹 1994 жылдан бері Фолькетинг – Дания Парламентінің мүшесі. Яғни парламенттегі қызмет өтілі 30 жылдан асады.
🔹 2022 жылы «Орташылдар» (Moderaterne) партиясын құрды. Сол жылы Данияның Сыртқы істер министрі қызметіне кірісті.
📚 Ларс Лёкке Расмуссен – бірнеше саяси және өмірбаяндық кітаптың авторы. Олардың қатарында «Көктен түскен жайдай» (2021) және «Адамдардың көпшілігі және барлығы дерлік туралы» (2020) кітаптары бар.
🚴♂️ Оның ерекше әуестіктерінің бірі – шосселік велоспорт. Ол Team Rynkeby қайырымдылық велошеруіне Даниядан Парижге дейін бірнеше рет қатысқан. Бұл сапарларға Дания Премьер-министрі қызметінде жүрген кезінде де қатысқан.
🤝 Қазақстан - Дания: саяси байланыстар
🇰🇿🇩🇰 Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 мамырда орнатылды. 2027 жылы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығы атап өтіледі.
🔹 Қазақстан Президентінің Данияға сапары 2000 жылғы қазанда өтті.
🔹 Дания Сыртқы істер министрінің Қазақстанға соңғы екіжақты сапары 2009 жылғы маусымда болды. Сол кезде Қазақстанға Данияның Сыртқы істер министрі Пер Стиг Мёллер келген.
🔹 2010 жылы Дания СІМ басшысы Лене Эсперсен Астанаға ЕҚЫҰ саммиті аясындағы көпжақты іс-шараға қатысты.
🌍 Өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимыл да дамып келеді. 2025 жылғы желтоқсанда Венада «Орталық Азия – Солтүстік Еуропа» форматындағы алғашқы министрлік кездесуі өтті.
Post #29
103