«Эмми» сыйлығының трансляциясы Prime Video-ға көшеді
2027 жылдан бастап «Эмми» сыйлығының жыл сайынғы марапатын бүкіл әлем бойынша Prime Video платформасынан тікелей эфирде тегін көруге болады. Amazon мен Телевизия академиясы алты жылдық келісімге қол қойды. Бұған дейін марапат ABC, CBS, FOX және NBC арналарында көрсетіліп келген.
Осылайша, ірі кино және телевизия марапаттары стриминг платформаларына ауысып жатыр. «Оскар» 2029 жылдан бастап YouTube-та, ал «Actor Awards» Netflix-те көрсетіледі.
@madeniet_media
Post #1911
170

- 💋 3


















