TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25620 109
📍Астанада ЭЫҰ-ның көлік стратегиясы мен Астана декларациясы қабылданды

Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 14-кеңесі өтті.

Кеңес барысында қатысушылар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өңірлік көлік байланыстарын нығайту және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрландыруға, сондай-ақ сауда мен транзитті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ЭЫҰ-ның 2026–2035 жылдарға арналған орнықты көлік стратегиясы және Астана декларациясы қабылданды. Аталған құжаттар өңірдегі көлік байланыстарын дамытуға, халықаралық тасымалдарды жетілдіруге және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Кеңестің Қазақстанда өткізілуі ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы диалогты нығайтуға және өзара тиімді көлік бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етеді.
More from @kolikpress
  1. Oct 15, 2026📍В Астане приняты Стратегия развития транспорта ОЭС и Астанинская декларация 15 октября 2…
  2. Oct 15, 2026photo post
  3. Oct 15, 2026🛣️От цифрового паспорта дороги до искусственного интеллекта Толеген Абдуллин представил ц…
  4. Oct 15, 2026photo post
  5. Oct 15, 2026🛣️Жолдың цифрлық паспортынан жасанды интеллектке дейін Төлеген Абдуллин «NEW SILK WAY» ха…
  6. Oct 15, 2026⚜️Главы делегаций VIII Международного транспортно-логистического бизнес-форума «NEW SILK W…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →