TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25268 308
🔹Көлік министрлігінде халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды
 
Көлік министрлігінде халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Оған жұмыс тобының құрамына кіретін қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына, сондай-ақ тасымалдаушыларды халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға жіберу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Негізгі назар практикалық мәселелерге аударылды. Жұмыс тобының мүшелері шетелдік рұқсаттарды беру және пайдалану тәртібін жетілдіру, рұқсат беру жүйесінің тиімділігін арттыру және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстарын білдірді.

Жұмыс тобы мүшелерінің ұсынысы бойынша автокөлік құралдарында рұқсат беру жүйесі талаптарының бұзылуын жедел тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-боттың жұмысы қайта іске қосылады.

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс Көлік министрлігі мен сала өкілдерінің өзара іс-қимылы аясында жалғасады.

***

🔹В Министерстве транспорта обсудили совершенствование разрешительной системы международных перевозок

В Министерстве транспорта состоялось очередное заседание рабочей группы по совершенствованию разрешительной системы автомобильных перевозок в международном сообщении. В обсуждении приняли участие представители ассоциаций, входящих в состав рабочей группы.

Участники рассмотрели предложения по внесению изменений и дополнений в Правила применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении, а также в Правила допуска автомобильных перевозчиков к осуществлению международных автомобильных перевозок грузов.

Основное внимание уделено практическим вопросам. Представители отрасли внесли предложения по совершенствованию порядка выдачи и использования иностранных разрешений, повышению эффективности разрешительной системы и созданию благоприятных условий для международных грузовых перевозок.

По предложению членов рабочей группы будет возобновлена работа Telegram-бота для оперативной проверки автотранспортных средств на наличие нарушений требований разрешительной системы.

Работа по совершенствованию разрешительной системы продолжается в рамках взаимодействия Министерства транспорта с представителями отрасли.
  • ❤ 2
More from @kolikpress
  1. Sep 30, 2026📍В Минтрансе обсуждают новые требования к качеству местных дорог В Астане начался трёхдне…
  2. Sep 30, 2026photo post
  3. Sep 30, 2026📍Көлік министрлігінде жергілікті жолдардың сапасына қойылатын жаңа талаптар талқылануда А…
  4. Sep 30, 2026🔸️Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады Қазақстанның хал…
  5. Sep 30, 2026photo post
  6. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Фед…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →