TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25216 266
🏢Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

Жезқазған қаласында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов Жезқазған вокзалын жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілгенін атап өтті.

Ұлытау облысында бағдарлама аясында төрт теміржол вокзалын жаңарту көзделген. Бұған дейін Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары аяқталған.

Жезқазған теміржол вокзалы 1941 жылы салынған. Қайта жаңғырту нәтижесінде екі қабатты ғимараттың ауданы 582 шаршы метрден 2,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Бұл нысанның функционалдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, жолаушыларүшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қайта жаңғырту барысында жаңа тірек қаңқасы, қабырғалар мен жабындар салынды, шатыр толық жаңартылды. Сыртқы және ішкі инженерлік желілерді, соның ішінде кәріз, су, жылу, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелерін тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Вокзал орталық жылыту жүйесіне қосылды.

Ғимараттың қасбеті мен іші толық жаңартылды. Жаңа терезе блоктары мен витраждар орнатылып, заманауи, тозуға төзімді, ұзақ мерзімді және оңай жуылатын әрлеу материалдары қолданылды. Нысан ішінде аспалы төбелер орнатылып, едендер керамогранитпен және коммерциялық линолеуммен қапталды.

Іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Брусчатка төселіп, шатыр мен жолаушылар перроны жаңартылды, жаңа қоршаулар, жиһаздар және қажетті жабдықтар орнатылды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес эвакуациялық жолдар қосымша жабдықталып, жаңа эвакуациялық есіктер орнатылды.

Вокзалдағы орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1 800 адамды құрайды. Станция арқылы Жезқазғанды Алматы, Астана, Павлодар, Қызылорда және Қарағанды қалаларымен байланыстыратын 12 пойыз өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
  • ❤ 1
More from @kolikpress
  1. Sep 26, 2026🏢В Жезказгане после масштабной реконструкции открыт железнодорожный вокзал В городе Жезка…
  2. Sep 26, 2026photo post
  3. Sep 25, 2026ҚР Көлік министрлігі Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қыз…
  4. Sep 24, 2026photo post
  5. Sep 24, 2026🚙В Алматы начали тестировать роботов-доставщиков и технологии для беспилотного транспорта…
  6. Sep 24, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →