TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25202 266
🏢Астана-1 вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
   
Қайта жаңартудан кейін Астана-1 станциясы вокзалының ауданы 580 шаршы метрге ұлғайып, 8,4 мың шаршы метрді құрайды. Жаңартылған вокзал жолаушылар ағынынаыңғайлы қызмет көрсетуге есептелетін болады, ол бүгінде тәулігіне 10 мың адамды, ал жылына 2,5 млн жолаушыны құрайды.

Нысанда шатырды монтаждау, ішкі инженерлік коммуникацияларды ажырату, шатыры бар жағалау перрондарын құру аяқталды. Әрлеу жұмыстары, конкорсты орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Вокзалда жаңа эскалаторлар, лифттер мен көтергіштер орнатылған. Пандустар, ана мен бала бөлмелері, санитарлық бөлмелер және күту аймақтары жабдықталуда. Мобильділігі төмен жолаушылар үшін кедергісіз орта, соның ішінде тактильді навигация және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ақпараттық тақтайшалар қарастырылған.

Қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жолаушылар үшін заманауи, қауіпсіз, қолжетімді әрі жайлы жағдайлар жасау.
More from @kolikpress
  1. Sep 24, 2026🚙В Алматы начали тестировать роботов-доставщиков и технологии для беспилотного транспорта…
  2. Sep 24, 2026photo post
  3. Sep 24, 2026🚙Алматыда жеткізуші роботтар мен жүргізушісіз көлік технологияларын тестілеу басталды Алм…
  4. Sep 24, 2026🏢На вокзале станции Астана-1 продолжается масштабная реконструкция После реконструкции пл…
  5. Sep 24, 2026video post
  6. Sep 24, 2026✈️Қытайға жаңа әуе бағытының ашылуы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу география…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →