🗣Еңбек күніне орай ҚМГ мұнай-газ саласында еңбегімен үлгі болып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ісімен танытып жүрген жұмысшы мамандар туралы бейнероликтер топтамасын жариялауды жалғастырады.
▪️Алшынбек Медиев – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты Газ өндіру, дайындау және тасымалдау цехының 5-дәрежелі операторы.
🎺 Ол салада 31 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алшынбек Тыныштықұлының негізгі міндеті – газ өндіру, дайындау және тасымалдау процестерін белгіленген технологиялық режимде жүруін бақылау. Сонымен қатар қондырғылардың жұмысын, қысым мен температура көрсеткіштерін жан-жақты қадағалап, ауытқуларды дер кезінде анықтауға ерекше мән береді.
⚡️Өз ісіне адалдығы мен көп жылғы тәжірибесі күрделі өндірістік жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, әріптестерімен бірлесе жұмыс жасауға септігін тигізеді.
— 31 жылдық еңбек жолым мұнай-газ өндірісінің түрлі кезеңімен сабақтасып жатыр. Осы уақыт ішінде саладағы технологиялар мен өндірістік тәсілдер өзгерсе де, жауапкершіліктің мәні өзгерген жоқ. Менің үш балам, екі немерем бар. Оларға қандай істі қолға алса да, оны адал атқарудың маңызды екенін айтып отырамын. Себебі адамға қалатын ең үлкен мұраның бірі – еңбекпен қалыптасқан құндылық, — дейді ол.
Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.
📱 ҚазМұнайГаз