TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.14K subscribers
Post #12108 917
33 жыл бір мамандыққа арналған ғұмыр

🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Осыған орай ҚМГ мұнай-газ саласында еңбегімен үлгі-өнеге болып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ісімен танытып жүрген жұмысшы мамандар туралы бейнероликтер топтамасын ұсынады.

🏭Солардың бірі мұнай өңдеу өндірісіндегі күрделі жабдықтардың қалыпты жұмысын бақылап, ақауды алдын алуға жауап беретін — Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғысының механигі Аппаз Керимбердиев.

▪️Ол зауытта 33 жылдан бері қажырлы еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде өндірістің қыр-сырын меңгеріп, мол тәжірибе жинады.

▪️Аппаз Манапұлының айтуынша жалпы жұмыста тәжірибенің орны бөлек болғанымен, заманмен бірге өзгеріп, жаңа технологияны меңгеру де маңызды.

— Зауыттағы қондырғылардың қалай өзгергенін жақсы білемін деп ойлаймын. Себебі 33 жыл өмірімді бір салаға арнап келе жатырмын. Бұрын жабдықтың ақауын көбіне тәжірибеге сүйеніп анықтайтынбыз. Дыбысына, діріліне, жұмыс істеуіне қарап, мәселенің қай жерден шыққанын шамалайтынбыз. Қазір цифрлық технологиялардың көмегімен қондырғының жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Бұл бұзылу жағдайларын ертерек біліп, үлкен проблемаларға жол бермеуге мүмкіндік береді, — дейді ол.


✔️Бүгінде Аппаз Манапұлы өз тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, өндірістегі сабақтастықты жалғастырып келеді.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 🔥 4
  • 👍 2
  • ❤ 1
More from @kmgpress
  1. Sep 22, 2026CASPI BITUM наращивает производство и увеличивает объемы отгрузки 🗣За последние восемь ме…
  2. Sep 22, 2026CASPI BITUM өндіріс қарқынын үдетіп, өнімді жөнелту көлемін ұлғайтуда 🗣ҚМГ-ның еншілес кә…
  3. Sep 22, 2026Каражанбасмунай повышает эффективность управления транспортом с помощью цифровых решений �…
  4. Sep 22, 2026Қаражанбасмұнай көлік басқару тиімділігін цифрлық шешімдер арқылы арттыруда 🗣«ҚазМұнайГаз…
  5. Sep 19, 2026▶️«Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев жобадағы ең ірі бағананы орнату жұмыстары ту…
  6. Sep 19, 2026На будущем заводе по производству полиэтилена установили крупнейшую колонну проекта 🗣19 с…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →