TGViewer
KMG Aero KMG Aero @kmgaero · 3.71K subscribers
Post #1013 32

Forwarded from ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз

ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines ұшақтарын отынмен қамтамасыз ете бастады

✈️ «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) америкалық National Airlines компаниясымен әуе кемелерінің «қанатына» жанармай құю қызметін көрсету туралы шарт жасасты. Осы құжат аясындағы алғашқы рейс ретінде Гонконг – Түркістан – Амстердам бағыты бойынша қатынаған Boeing 777 жүк ұшағына биыл 16 қазанда Түркістан халықаралық әуежайында қызмет көрсетілді.

▪️Келісім ҚМГ-Аэро жұмыс істейтін Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Түркістан әуежайларын қамтиды. Бұл тасымалдаушы компанияға еліміздің әр өңірінде бір жанармай жеткізушісінің қызметін пайдаланып, рейстерін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

🛫Орталық Азия арқылы ұзақ қашықтыққа жүк тасымалдайтын әуе компаниялары үшін жанармай сапасы мен оны жеткізу тұрақтылығы маңызды рөл атқарады. Американың ірі операторымен ынтымақтастық орнату – бұл шетел әуе компанияларына көрсетілетін қызметтердің географиясын кеңейтуге және қазақстандық әуежайлардың халықаралық жүк тасымалы нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

▪️Түркістан халықаралық әуежайы жоғары стандарттарға сай заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған және еліміздің оңтүстігінде жүк көлемінің артуына байланысты оны өңдеуге қажетті барлық мүмкіндікке ие. Жаңа халықаралық әуе тасымалдаушыларын тарту өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады.

🗣Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономиканың көлік-логистика саласын дамыту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі сенімді авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі жүйелі шаралар аясында жүргізілуде.

▪️ҚМГ-Аэро халықаралық әуе компанияларымен серіктестікті кеңейтуді жалғастырады. Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы 50-ге жуық шетелдік әуе тасымалдаушысына қызмет көрсетіп келеді.

Анықтама:
National Airlines – штаб-пәтері Орландо қаласында орналасқан (Флорида штаты) америкалық әуе компаниясы. Ол жүк және жолаушыларға арналған чартерлік рейстерді орындаумен айналысады. Әуе паркінде Boeing 747 және Boeing 777 үлгісіндегі кең фюзеляжды жүк ұшақтары бар. Компания коммерциялық, ірі көлемді және арнайы жүктерді тасымалдайды.


📱 ҚазМұнайГаз
  • 👍 1
More from @kmgaero
  1. Oct 17, 2026#БАҚбізтуралы #СМИонас
  2. Oct 16, 2026🔔Ұтыс ойынының нәтижесі белгілі болды. Жеңімпазымызды қуана жариялаймыз! Біздің жеңімпазы…
  3. Oct 16, 2026КМГ-Аэро начало заправку самолетов американской National Airlines ✈️ ТОО «КазМунайГаз-Аэро…
  4. Oct 16, 2026✅ “Бір дерек” айдары Тұран жолбарысы – кезінде Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ далас…
  5. Oct 15, 2026✅ “Бір дерек” айдары Сайын Мұратбеков – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған кө…
  6. Oct 14, 2026🤝 КМГ-Аэро обсудила с Uzbekistan Airways и Centrum Holding перспективы расширения сотрудн…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →