TGViewer
KMG Aero KMG Aero @kmgaero · 3.58K subscribers
Post #1012 39
✅ “Бір дерек” айдары

Тұран жолбарысы – кезінде Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ даласын мекендеген айбарлы жыртқыш. Оны Каспий жолбарысы деп те атайды. Бұл аң Іле, Сырдария, Әмудария өзендерінің бойындағы тоғайлы ормандар мен қамысты қопаларды паналаған.

Тұран жолбарысы денесінің ірілігімен, күш-қуатымен және ерекше сұлулығымен танылған. Ол негізінен қабан, бұғы және басқа да жабайы жануарлармен қоректенген. Алайда адамның табиғатқа ықпалы, мекен ету ортасының жойылуы мен шектен тыс аулау салдарынан бұл жыртқыштың саны күрт азайған. ХХ ғасырдың ортасына қарай Тұран жолбарысы табиғатта жойылып кетті деп есептеледі.

Бүгінде Тұран жолбарысының тағдыры – табиғатты қорғаудың маңызын еске салатын тарихи сабақ. Қазақстанда жолбарысты тарихи мекеніне қайта жерсіндіру бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бастамалар өзен бойындағы тоғайларды қалпына келтіруге, биоалуантүрлілікті сақтауға және экожүйені қорғауға бағытталған.

Толығырақ күн сайын “Бір дерек” айдарынан 9:20, 11:20, 16:30, 17:40, 19:58-де Қазақ радиосының эфирінен тыңдай аласыздар.

✅ ҚазМұнайГаз-Аэро
More from @kmgaero
  1. Oct 17, 2026#БАҚбізтуралы #СМИонас
  2. Oct 16, 2026🔔Ұтыс ойынының нәтижесі белгілі болды. Жеңімпазымызды қуана жариялаймыз! Біздің жеңімпазы…
  3. Oct 16, 2026КМГ-Аэро начало заправку самолетов американской National Airlines ✈️ ТОО «КазМунайГаз-Аэро…
  4. Oct 16, 2026ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines ұшақтарын отынмен қамтамасыз ете бастады ✈️ «ҚазМұна…
  5. Oct 15, 2026✅ “Бір дерек” айдары Сайын Мұратбеков – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған кө…
  6. Oct 14, 2026🤝 КМГ-Аэро обсудила с Uzbekistan Airways и Centrum Holding перспективы расширения сотрудн…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →