TGViewer
KMG Aero KMG Aero @kmgaero · 3.82K subscribers
Post #1008 22
🤝 ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

✈️ «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын ашу, жүк әуе тасымалының көлемін ұлғайту және Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне жанармай құю көлемін арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

✈️ Uzbekistan Airways компаниясымен 2027 жылы жаңа жолаушылар рейстерін ашу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ жоспарланып отырған рейстерді авиаотынмен қамтамасыз ету және тиісті әуежайларда әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю қызметін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

👍 Жолаушылар тасымалдаушысы Centrum Air және жүк тасымалдаушысы My Freighter компанияларын біріктіретін Centrum Holding холдингімен рейстердің саны мен жиілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне жанармай құю көлемін ұлғайту перспективалары қарастырылды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның негізгі еуразиялық авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізілуде.

✅ ҚазМұнайГаз-Аэро
  • 👍 2
More from @kmgaero
  1. Oct 14, 2026🤝 КМГ-Аэро обсудила с Uzbekistan Airways и Centrum Holding перспективы расширения сотрудн…
  2. Oct 14, 2026✅ “Бір дерек” айдары Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары – қазақ ғылымы мен тарихындағы м…
  3. Oct 13, 2026⚠️ Особенности безопасного вождения в сложных погодных условиях: правила вождения в тумане…
  4. Oct 13, 2026✅ “Бір дерек” айдары Тайқазан – қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін қа…
  5. Oct 12, 2026✅ “Бір дерек” айдары «Жеті жарғы» – қазақ халқының тарихындағы маңызды құқықтық ескерткішт…
  6. Oct 12, 2026💬Сіз білесіз бе? Әуе отынның әрбір тасмалданатын бөлігі зертханалық тексеруден өтеді. Тығ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →