✅ “Бір дерек” айдары
Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары – қазақ ғылымы мен тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. 1858–1859 жылдары жас ғалым Қытайдың батысындағы Қашқария өлкесіне қауіпті әрі күрделі ғылыми экспедиция жасады. Сол кезеңде бұл аймақ шетелдіктер үшін жабық, саяси жағдайы тұрақсыз өңір болатын.
Шоқан сапар барысында жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениеті мен географиялық ерекшеліктерін зерттеді. Сонымен қатар аймақтың саяси жағдайы мен сауда байланыстары туралы құнды мәліметтер жинады. Ол зерттеуін қауіп-қатерге қарамастан, үлкен табандылықпен жүргізді.
Толығырақ күн сайын "Бір дерек" айдарынан 9:20, 11:20, 16:30, 17:40, 19:58-де Қазақ радиосының эфирінен тыңдай аласыздар.
✅ ҚазМұнайГаз-Аэро
Post #1006
31