Қазақстан құрамасының ашық жаттығуына БАҚ өкілдерін тіркеу
23 қыркүйек күні 17:30-да Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтарына дайындық барысындағы БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуы өтеді.
Ашық жаттығуға қатысқысы келетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алдын ала тіркеуден өтуге шақырамыз. Тіркелу үшін келесі ақпаратты жіберу қажет:
• БАҚ атауы; • журналистің аты-жөні; • байланыс нөмірі;
Өтінімдерді 23 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін жіберу қажет.
Өтінімдерді press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 707 737 31 07 телефон нөміріне жіберу қажет.
Тіркеу нәтижесі бойынша аккредиттелген БАҚ өкілдеріне қосымша ақпарат беріледі.
📢 Әлібек Қасым мен Ислам Чесноковтың жарақатына байланысты ресми мәлімдеме
Әлібек Қасым жарақатына байланысты сырт алаңда өтетін Фарер аралдары мен Словакияға қарсы матчтарда Ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Ал өз алаңымызда өтетін Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы кездесулерге қатысу мүмкіндігі жарақатының қалпына келу барысына қарай қосымша анықталады.
Ислам Чесноков жарақатына байланысты алдағы төрт матчқа да қатыса алмайды.
Қазақстан ұлттық құрамасы Әлібек Қасым мен Ислам Чесноковқа тезірек сауығып, алаңға оралуын тілейді!
Қазақстан жастар құрамасы Хай Уиком қаласында күзгі ойындар алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Владимир Чебурин шәкірттері алдағы ЕУРО іріктеу кезеңінің ақтық ойындарына жергілікті «Уиком Уондерерс» командасының жаттығу базасында дайындалып жатыр.