Қазақстан құрамасының ашық жаттығуына БАҚ өкілдерін тіркеу
23 қыркүйек күні 17:30-да Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтарына дайындық барысындағы БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуы өтеді.
Ашық жаттығуға қатысқысы келетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алдын ала тіркеуден өтуге шақырамыз.
Тіркелу үшін келесі ақпаратты жіберу қажет:
• БАҚ атауы;
• журналистің аты-жөні;
• байланыс нөмірі;
Өтінімдерді 23 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін жіберу қажет.
Өтінімдерді press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 707 737 31 07 телефон нөміріне жіберу қажет.
Тіркеу нәтижесі бойынша аккредиттелген БАҚ өкілдеріне қосымша ақпарат беріледі.
Post #6739
1.32K
- ❤ 16