KASE-нің кешкі шолуы
ҚОР НАРЫҒЫ
Жұма күні KASE индексінің мәні 0.41%-ға өсіп, 7862.65 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларымен жасалды – 2 237. Мәмілелердің ең үлкен көлемі АҚ "Казатомпром" ҰАК" акцияларына тиесілі болды – 167.1 млн KZT. Өсімді АО "Национальная атомная компания "Казатомпром" (+2.39%), Kaspi.kz АҚ (+0.46%), "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (+0.27%), "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (+0.24%), АҚ "KEGOC" (+0.17%) және "Эйр Астана" АҚ (+0.07%).
АҚША НАРЫҒЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 12 б.п.-қа төмендеп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 15,85% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 11 б.п.-қа өсіп, , жылдық 11,18% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 633,1515 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 452,51 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 1,4 KZT-ге әлсіреді . Сауда-саттық көлемі 349,624 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 913 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 451 KZT, максималды – 454,03 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 453,6 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 0,07%-ға төмендеп, барреліне 105,85 АҚШ долларын құрады.
Post #8255
77