Инфляциялық таргеттеу қазіргі орталық банктердің негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Бұл модель дамыған нарықтарда қалай жұмыс істейді және Канада тәжірибесінің ерекшелігі неде?
Бұл туралы 27 қазанда KASE алаңында Альберта университетінің (Канада) профессоры Мәлік Шукаевтың ашық дәрісінде біле аласыздар.
Талқылау барысында Канада Банкінің тәжірибесіне, оның ішінде инфляциялық мақсаттарды белгілеуге, инфляциялық күтулерді басқаруға, құбылмалы валюта бағамының рөліне, сондай-ақ қазіргі макроэкономикалық жағдайларда трансмиссиялық тетіктің тиімділігіне ерекше назар аударылады.
Қашан?
2026 жылғы 27 қазан
Уақыты: 11:00
Форматы: гибридті
Қайда?
Алматы қ., Almaty Towers БО, Солтүстік мұнара, 1-қабат, KASE Press Room
Онлайн: Zoom
Тіркелу сілтемесі: https://forms.cloud.microsoft/r/LxeSdYWwj3
Post #8253
105
