TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.1K subscribers
Post #8229 183
Заманауи қаржы құралдары мен цифрлық активтердің дамуы айқын әрі технологиялық тұрғыдан жетілдірілген салықтық ортаны талап етеді. Нарықтың осы сұранысына жауап ретінде KASE "ReportiX" және "PKF Tax & Legal Kazakhstan" (PKF) компанияларымен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Серіктестер цифрлық активтер саласында инвесторлар мен эмитенттердің салықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында, мерзімді және басқа да нарықтарда салық салу мәселелері бойынша бірлесіп қызмет көрсету мүмкіндігін пысықтау үшін күш біріктіреді. Жоба KASE-нің биржалық инфрақұрылымын, есептілікті автоматтандыруға арналған ReportiX IT-платформасын және PKF компаниясының консалтинг саласындағы сарапшылық тәжірибесін біріктіреді.

Серіктестіктің басты мақсаты – нарық қатысушылары үшін салықтық есепке алу мен есептілікті тапсыруды едәуір жеңілдететін түсінікті бағдарлар мен автоматтандырылған құралдарды әзірлеу.

Меморандум аясында тараптар салық салу мәселелері бойынша бірлескен ақпараттық-ағартушылық бастамалар мен сараптамалық материалдарды әзірлеу жұмысын бастады.

Жаңалықтарды KASE-нің ресми ақпараттық ресурстарынан қадағалаңыздар!
More from @kaseofficial
  1. Oct 15, 2026⚡️ KASE Academy Day in Kuala-Lumpur. Day 1
  2. Oct 15, 2026Развитие современных финансовых инструментов и цифровых активов требует прозрачной и техно…
  3. Oct 15, 2026Делегация KASE приняла участие в мероприятиях FEAS и ConFEAS 2026, которые прошли 12-14 ок…
  4. Oct 15, 2026KASE делегациясы 12–14 қазанда Оманда өткен FEAS және ConFEAS 2026 іс-шараларына қатысты.…
  5. Oct 15, 2026Утренний обзор KASE Фондовый рынок В среду американские фондовые индексы завершили торги с…
  6. Oct 14, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК Значение Индекса KASE в среду снизилось на 0,51% до…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →