TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.09K subscribers
Post #8221 91
KASE делегациясы 12–14 қазанда Оманда өткен FEAS және ConFEAS 2026 іс-шараларына қатысты. KASE клиринг орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Алла Ли халықаралық қауымдастыққа Қазақстан нарығының жетістіктерін таныстырды.

Биыл акциялар нарығының капиталдандырылуы 41 % өсіп, 109,3 млрд АҚШ долларына жетті, ал тоғыз айдағы сауда-саттық көлемі 56 % ұлғайды. KASE цифрлық қаржы активтерінің сауда-саттық платформасы операторының № 001 лицензиясын алды, елімізде алғаш болып индекстік ETF-терді іске қосты. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында баға қалыптастырудың ашықтығын арттырып, нарықтың өтімділігін жақсартуға ықпал ететін бастапқы дилерлер институты жұмыс істей бастады.

Қазақстан капитал нарығының инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып, халықаралық инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп келеді. FEAS қатысушыларымен диалог осы бағыттағы жұмысымызды ілгерілетуге ықпал етеді.
More from @kaseofficial
  1. Oct 15, 2026Делегация KASE приняла участие в мероприятиях FEAS и ConFEAS 2026, которые прошли 12-14 ок…
  2. Oct 15, 2026Утренний обзор KASE Фондовый рынок В среду американские фондовые индексы завершили торги с…
  3. Oct 14, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК Значение Индекса KASE в среду снизилось на 0,51% до…
  4. Oct 14, 2026KASE-нің кешкі шолуы 🌙 ҚОР НАРЫҒЫ Сәрсенбі күні KASE индексі 0,51%-ға төмендеп, 7 776,97…
  5. Oct 14, 2026Утренний обзор KASE Фондовый рынок Американские фондовые индексы завершили торги во вторни…
  6. Oct 13, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК Значение Индекса KASE во вторник снизилось на 0,03%…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →