KASE-нің кешкі шолуы 🌙
ҚОР НАРЫҒЫ 📊
Сәрсенбі күні KASE индексінің мәні 0,25%-ға өсіп, 7 862,81 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 2 725. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларына тиесілі болды – 177,8 млн KZT. Өсімді төрт эмитенттің акциялары көрсетті: «Банк ЦентрКредит» АҚ (+3,76%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,39%), «Ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (+0,30%) және «KEGOC» АҚ (+0,12%).
АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 4 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 15,98% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 15 б.п.-қа төмендеп, жылдық 11,35% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 540,806 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 447,21 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 5,53 KZT-ге нығайды. Сауда-саттық көлемі 468,886 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 290 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 446,10 KZT, максималды – 450,41 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 448,30 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны сәрсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 1,05%-ға өсіп, барреліне 101,64 АҚШ долларын құрады.
Post #8136
134