TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.09K subscribers
Post #8131 123
Инвестиция салуда қалай дұрыс шешім қабылдауға және нарықтағы эмоциялық тұзаққа түспеуге болады?? Бұл туралы Ring the Bell for Financial Literacy 2026 халықаралық бастамасы аясындағы практикалық семинарда Freedom Finance Global Plc Білім беру жобалары департаментінің атқарушы директоры Жанна Кашенова айтып берді.

Кездесуге қатысушылар сауатты инвестициялық стратегияның неден қалыптасатынын егжей-тегжейлі талқылады. Кез келген салмақты қадамның негізінде мақсатты, мерзімді және қолайлы тәуекел деңгейін нақты түсіну, тексерілген дерек пен кірістілік көрсеткіштеріне сүйену, сондай-ақ алдын ала әзірленген іс-қимыл жоспары жатыр.

Баяндаманың ауқымды бөлігі инвестициялау психологиясына арналды. Жанна пайданы жіберіп алу қорқынышын (FOMO) жеңуге, нарықтағы түзету кезінде импульсивті шешімдерден аулақ болуға және эмоцияның жетегінде кетпеуге көмектесетін тәжірибемен бөлісті.

Инвестиция - қызбалық емес, тәртіп. Инвестордың эмоцияға қарсы басты құралы - алдын ала әзірленген стратегия және өзінің ұзақмерзімді мақсатын түсіну", - деп атап өтті спикер.


Тұрақты портфельдің негізі - тәртіп, активтерді сауатты әртараптандыру және күрделі пайыздың мүмкіндігін тиімді пайдалану.

⚡️ KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы жалғасуда. Нарық сарапшыларының келесі пайдалы баяндамалары мен семинарларын жіберіп алмау үшін анонстарымызды қадағалаңыздар.
More from @kaseofficial
  1. Oct 7, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📊 Значение Индекса KASE в среду выросло на 0,25% до…
  2. Oct 7, 2026KASE-нің кешкі шолуы 🌙 ҚОР НАРЫҒЫ 📊 Сәрсенбі күні KASE индексінің мәні 0,25%-ға өсіп, 7…
  3. Oct 7, 2026Как принимать обоснованные инвестиционные решения и не попадать в эмоциональные ловушки ры…
  4. Oct 7, 2026photo post
  5. Oct 7, 2026photo post
  6. Oct 7, 2026По итогам сентябрьского пересмотра FTSE Russell повысил оценки Казахстана сразу по четырем…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →