KASE мен "Alatau City Authority" Арнайы басқару ұйымы цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Alatau City қалалық және коммерциялық жобалары мүлдем жаңа форматта инвестиция тарта алады. Токендеу ауқымды инфрақұрылымнан бастап жылжымайтын мүлікке дейінгі нақты активтердің цифрлық ортаға шығуына жол ашады.
Серіктестіктің негізгі бағыттары:
🔹 KASE инфрақұрылымы негізінде токенделген активтерге арналған сауда-саттық платформасының тұжырымдамасын пысықтау;
🔹 ЦҚА бойынша ыңғайлы есеп айырысу үшін теңгемен және шетел валюталарымен қамтамасыз етілген мультивалюталық есеп айырысу құралдарын құру;
🔹 инновацияларды реттеушілік стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып енгізу.
KASE Басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов атап өткендей, серіктестіктің басты міндеті - нарыққа қаржылық инновация мен реттеушілік бақылауды ұштастыратын икемді әрі сенімді жоғары технологиялық платформа ұсыну.
"Alatau City Authority" Бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, токендеу қаржыландыру тәсілін түбегейлі өзгертіп, сенімді биржалық инфрақұрылым негізінде қалалық және коммерциялық активтерді инвестициялау үшін қолжетімді ете түседі.
Жаңалықтарды қадағалап жүріңіздер - инвестицияны цифрландыру енді ғана басталып келеді!
#KASE #AlatauCity #Fintech #ЦҚА #ТокендеуҚазақстан
Post #8018
191