KASE-нің кешкі шолуы 🌙
ҚОР НАРЫҒЫ 📊
Жұма күні KASE индексінің мәні 0,65%-ға өсіп, 7 818,16 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 597. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Эйр Астана» АҚ акцияларына тиесілі болды – 230,7 млн KZT. Тоғыз эмитенттің акциялары өсім көрсетті: «Эйр Астана» АҚ (+2,83%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+2,17%), «Ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (+0,69%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,50%), Kaspi.kz АҚ (+0,44%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,29%), «Кселл» АҚ (+0,25%), «Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» АҚ (+0,15%) және «KEGOC» АҚ (+0,06%).
АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 6 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,10% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 44 б.п.-қа өсіп, жылдық 11,24% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 481,248 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 448,36 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 6,10 KZT-ге әлсіреді. Сауда-саттық көлемі 457,329 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 252 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 444,29 KZT, максималды – 451,62 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 451,50 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 2,61%-ға төмендеп, барреліне 99,69 АҚШ долларын құрады.
Post #8026
165