Қор нарығының қаржы құралдарымен жасалатын әрбір биржалық операцияның өзіндік салықтық ерекшеліктері бар. Әсіресе, сөз бейрезидент компаниялар мен олардың клиенттері туралы болған жағдайда.
"Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын бейрезиденттер үшін KASE-дегі қаржы құралдарымен операциялардың салықтық аспектілері" семинарында сарапшылар салық ережелерін іс жүзінде қалай қолдану керектігін, сондай-ақ бейрезиденттерге KASE-де биржалық мәміле жасаған кезде нені ескеру қажет екенін талқылайды.
🎙️ Спикерлер:
Меруерт Амир - серіктес, салық практикасының жетекшісі, BeOne Қазақстан;
Ирина Быховская - серіктес, Б1 компаниялар тобы, халықаралық бизнес бағытының басшысы;
Мария Егорова - серіктес, Б1 компаниялар тобы, қаржы секторы ұйымдарына салық жөнінен қызмет көрсету тобы.
Қашан және қайда?
🗓️ 2026 жылғы 14 қазан
🕙 10:00
📍 Гибридті формат
Онлайн: Zoom
Оффлайн: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО (Солтүстік мұнара), 1-қабат, Press Room
Қандай мәселелерді талқылаймыз?
✔️ акциялармен және облигациялармен мәміле жасайтын кездегі кірісті жіктеу, салық базасы, дивиденд және жеңілдік;
✔️ РЕПО операциялары мен туынды құралдар бойынша қаржылық нәтижені есептеу және салық төлеу;
✔️ ҚР-дағы салықтық тіркеу, жауапкершілік және талап қою мерзімдері.
🔗 Қатысу тегін, алдын ала тіркелу міндетті - сілтеме арқылы.
Post #8011
215