TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.07K subscribers
Post #8000 216
KASE-нің кешкі шолуы 🌙

ҚОР НАРЫҒЫ 📊
Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,36%-ға төмендеп, 7 767,65 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 395. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларына тиесілі болды – 767,2 млн KZT. Бір эмитенттің акциялары өсім көрсетті: «KEGOC» АҚ (+0,08%).

АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 2 б.п.-қа төмендеп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,04% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 133 б.п.-қа өсіп, жылдық 10,8% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 746,398 млрд KZT-ні құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 442,26 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 1,77 KZT-ге әлсіреді. Сауда-саттық көлемі 419,512 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 964 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 440,77 KZT, максималды – 445,00 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 444,56 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 1,79%-ға өсіп, барреліне 99,78 АҚШ долларын құрады.
More from @kaseofficial
  1. Oct 2, 2026"KASE/KACC People. Проходка" айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі шығарылымның кейіпкері - KASE…
  2. Oct 2, 2026В новом выпуске KGF Journal - интервью с председателем правления KASE Адилем Мухамеджановы…
  3. Oct 2, 2026KGF Journal жаңа шығарылымында - Kazakhstan Growth Forum’26 аясында жазылған KASE Басқарма…
  4. Oct 2, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📊 Значение Индекса KASE в пятницу выросло на 0,65%…
  5. Oct 2, 2026KASE-нің кешкі шолуы 🌙 ҚОР НАРЫҒЫ 📊 Жұма күні KASE индексінің мәні 0,65%-ға өсіп, 7 818,…
  6. Oct 2, 2026BCC Invest, Fonte Capital и Private Asset Management присоединились к площадке цифровых фи…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →