🔍Jaisandar-да үлкен бюджет дерекқорын жасадық
Қазақстанның республикалық бюджетін енді ондаған PDF пен Excel файлынан іздеп отырмай-ақ, бір жерден зерттеуге болады.
Jaisandar DATA → Бюджет бөлімінде:
— 2015–2025 жылдардағы бюджет деректері;
— кірістер мен шығыстар;
— Ұлттық қордан түсетін трансферттер;
— негізгі салықтар;
— борышқа қызмет көрсету мен қарызды өтеу;
— өңірлердің бюджеті, донорлар мен субвенция алушылар;
— бірнеше жылды және өңірді салыстыру мүмкіндігі бар.
Мысалы, бірнеше секундта мемлекеттің белгілі бір жылы ҚҚС-тан қанша кіріс алғанын, денсаулық сақтауға қанша жұмсағанын, Ұлттық қордан қанша ақша алғанын немесе борышқа қызмет көрсету шығыны қалай өзгергенін көруге болады. Тіпті одан ішінара салаларды қарауға болады. мысалы НИШ мектептеріне соңғы 5 жылда қанша қаражат бөлінді деген секілді 7 мыңнан астам сала бар.
Кез келген графикті өзіңізге ыңғайлап ашып, кезеңін таңдап, PNG сурет немесе Excel файл ретінде жүктеп алуға болады. Яғни графикті презентацияға, мақалаға немесе әлеуметтік желіге бірден пайдалануға болады.
Post #2326
400

- ❤ 8
- 👍 5