Сәтбаев университетінде – ICPC Олимпиадасы 🚀
Қымбатты студенттер!
Біздің университетте ICPC (International Collegiate Programming Contest) қозғалысы белсенді түрде дамып келеді. Бұл — спорттық бағдарламалау бойынша әлемдегі ең танымал әрі беделді жарыстардың бірі! 🌍💻
📌 Ол не үшін маңызды?
• ICPC — жай ғана олимпиада емес, бұл — бағдарламашылардың жаһандық қауымдастығының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
• Олимпиадаға қатысу алгоритмдік ойлау қабілетін, командада жұмыс істеу дағдысын арттырады және тығыз уақыт ішінде күрделі тапсырмаларды шеше білу қабілетін дамытады.
• Бұл өз-өзіңізді көрсетуге, көпшілікке танымал болуға және Google, Meta, Microsoft, Amazon секілді ірі-ірі ІТ-компанияларда тағылымдамадан өтуге жол ашатын тамаша мүмкіндік. 🚀
🔥 Неге дәл қазір?
ICPC Сәтбаев университетінің студенттері арасында қарқынды түрде танымал болып келеді. Бұл қозғалыс — өсуге, тәжірибе алмасуға және жетістіктерге жетуге ұмтылатын талантты жастарды біріктіреді!
🙌 Сіз де бізге қосылыңыз!
Команданың бір бөлшегі болып, халықаралық аренада өзіңізді сынап көретін сәтті жіберіп алмаңыз. Тіпті тәжірибеңіз аз болса да, бұл олимпиада сізге баға жетпес білім, жаңа таныстар және мансапқа ұмтылу үшін нағыз серпіліс сыйлайды.
👉 Барлық өзекті ақпараттар пен хабарландырулар — біздің Telegram арнамызда. Жазылыңыз да, барлық жаңалықтан хабардар болыңыз!
ICPC сізді күтуде — өзіңізді көпшілікке таныстыру мүмкіндігі дәл осы жерде, Сәтбаев университетінде басталады!
https://www.instagram.com/p/DOoAN4bDe0G/?utm_source=ig_web_copy_link