TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.88K subscribers
Post #1931 624
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ: SATBAYEV UNIVERSITY-де ICPC БАҒДАРЛАМАЛАУ ОЛИМПИАДАСЫНА КОМАНДАЛАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ! 💻

Құрметті студенттер! 26 қазанда өтетін ICPC ішкі іріктеу турында қатысуға тіркелу басталды! 🚀

👨‍💻 ICPC деген не?
ICPC (International Collegiate Programming Contest) — әлемдегі ең ірі спорттық бағдарламалау олимпиадасы. Командалар (3 студенттен) шектеулі уақытта алгоритмдік және бағдарламалау есептерін шешеді. Бұл — өзіңізді көрсетуге, ойлау қабілетін арттыруға және жаһандық IT-қауымдастыққа қосылуға тамаша мүмкіндік! 🌍

📅 Қалай қатысуға болады?

22 қазанға дейін өзіңізді және командаңыздағы басқа мүшелердің пошталарын көрсетіп, тіркелу қажет.

Командадағы әрбір қатысушы анкетаны толтырып, өзге мүшелерін «командалас» ретінде көрсетуі керек.

🎯 Неліктен қатысу керек?

ICPC-ке қатысу тәжірибесі әлемдік IT-компанияларда (Google, Apple, Amazon, Meta және т.б.) жоғары бағаланады.

BigTech компанияларындағы техникалық сұхбаттардың 4-тен 3-інде алгоритмдер мен деректер құрылымдары бойынша тапсырмалар кездеседі.

ICPC жетістіктері түйіндемеңізді нығайтып, IT саласындағы мансап құруға көмектеседі.

📎 Тіркелу және толық ақпарат:

📝 Анкета: https://forms.gle/PMAvTHfBVkKMWKjH7

💬 Telegram-чаты: https://t.me/+c_lEDu50AhYxZTgy

💪 Командаңды жина, тіркел және ICPC финалына алғашқы қадамыңды бүгіннен баста! 🚀
Google Docs ICPC - Тіркеу / Регистрация / Registration 💻 ICPC — бұл жай ғана бағдарламалау олимпиадасы емес! Бұл — өзіңді халықаралық деңгейде көрсетудің үлкен мүмкіндігі. Барлық студенттерді ICPC университеттік іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Іріктеу 26 қазанда Сатбаев Университет базасында өтеді. ICPC байқауына…
More from @itech_su
  1. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  2. Aug 6, 2026video post
  3. Aug 6, 2026🚀 Almaty Hub Incubation: запусти свой IT-продукт за 12 недель За 12 недель участники прой…
  4. Aug 4, 2026Уважаемый абитуриент! 🎓 Satbayev University приглашает вас на обучение в онлайн-формате!…
  5. Aug 4, 2026Құрметті талапкер! 🎓 Satbayev University сізді онлайн оқуға шақырады! 💻 Сапалы білім алы…
  6. Jul 13, 2026📢 Последний шанс зарегистрироваться: Летняя школа Satbayev University & AI Institute 11–1…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →